Мақпал Жүнісованы арандатқан кім? (видео)

5 апреля 2017

Қазақтың ерке қызы атанған Мақпал Жүнісова мен оның әріптесі Гүлнұр Оразымбетованың арасында келіспеушіліктер орын алды. Әнші өзінің «Инстаграм» парақшасында жақында ғана «Соқыр махаббат» фильмінде орындаған әнін әріптесі алдырып тастап, оның орнына өз әнін қойғызғанын жеткізді.

«Таңшолпан» бағдарламасының директоры Гүлнұр Оразымбетова ханым бүгін бастық екенін дәлелдеді.
«Соқыр махаббат» киносына менің әнім алынғанын біле тұра, өзінің әнін монтаждап, эфирден бергізуі, тіптен, ұят екен.
Қалай бастық болдыңыз?», — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Кейін бұл жазба желіден өшірілді. Артынша қос әншінің арасында расымен де түсініспеушілік болғаны анықталды. Айыпты да табылды. Ол — «Азия» тобының әншісі Ренат Баситов.

Күні кеше ғана Алматы көшесінде әнші Сивимен ұрысқаны туралы қойылым көрсеткен жігіт, бұл жолы дау-дамайға үлкен адамдарды да араластырмақ болған тәрізді. Яғни «Соқыр махаббат» фильміне үштүрлі саундтрек жаздырған. Алайда бұл туралы Мақпал Жүнісоваға ешнәрсе айтпайды. Ол кісі Ренаттың бұл әрекетінен хабары болмаған соң Гүлнұр Оразымбетованы айыптаған екен.
Ренат Баситов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісова мен Гүлнұр Оразымбетовадан кешірім сұрады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика