Қасым Аманжолов. Желкен (М.Ю.Лермонтовтан)

9 Шілде 2018

parysik

Теңіздің көкшіл тұманында,
Жалтылдайды жалғыз желкен.
Елінде несі қалды артында?
Жат жерден не іздейді екен?

Ышқынған толқын,ысқырған жел,
Сықырлайды әлсіз діңгек.
Бақыттан қашып жүрген жоқ ол,
Жүрген жоқ ол бақыт та іздеп!

Астында көкшіл теңіз лайсыз,
Үстінде күн сары алтындай.
Тілейді дауыл ол мазасыз,
Рақат содан табатындай.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика