Қасым Аманжолов. Қанжар (М.Ю.Лермонтовтан)

8 Шілде 2018

injal

Серігім әрі жарқын,әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы.

Сыйлаған сені маған бір сал білек,
Қоштасып аттанарда ал белгі,деп.
Қан емес,алғаш сенен сорғалаған-
Маржаны қасіреттің-жас мөлтілдеп.

Қара көз қайғы толы жасы іркілген
Кезінде көкірегіме тік үңілген,-
Жүзіңдей сенің асыл от шалынған
Бір сөніп нұр сәулесі,бір тірілген.

Белгісі ең махаббаттың маған серік,
Ілестің жолаушыға,үлгі беріп,
Айнымас жаным менің,болат достым,
Өзіңдей,дәл өзәңдей болар берік.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика