М.Ю.Лермонтов. Еврей сазы (Байроннан)

6 Шілде 2018

lermont

Жаралы жаным менің.Тез,тез,әнші,
Арфаны мынау алтын қолыңа алшы.
Жорғалап жөнелгенде саусақтарың,
Пейіштің ыңыранып күйі ояншы.
***
Біржола үміт,арман қалмаса өліп,
Кеудемде бір оянсын тебіреніп;
Суалған көздерімде бір тамшы жас
Бар болса,балқиыншы соны төгіп.
***
Мейлі әнің болсын тағы тағдырымдай,
Маған жат шаттық үні,о құрбым-ай,
Келеді бір жылағым,абзал жыршым,
Тұрғанда көкірегім қарс айрылмай.
***
Сіңіріп көп қасірет жұтқан ұдай
Булыққан жан сарайым бір ашылмай;
Соқты енді қатал сағат толды кеудем-
Ажалдың уға толы шарасындай.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика