Лифтінде көз жұмған тележүргізушінің күйеуі қызының хәлі туралы айтып берді

10 апреля 2018

Қайыржан мен Айзат 4 жыл некеде болған. Қайғылы оқиға болған үйге өткен жылы көшіп келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Мамыр айында қоныс тойын тойлауға ниеттенген. Қазір Қайыржан анасының өлімін өз көзімен көрген қызының жағдайына алаңдаулы, деп хабарлады КТКарнасы.

Айтуынша, кішкентай болғанына қарамастан, бала анасының сұмдық жағдайға ұшырағанын біледі. 3 жасар Іңкәр қайғылы оқиға орын алған күнді жиі еске алады.

“Бірінші күні өте ауыр болды. Одан кейін еске алып тұрады. Анам қысылып қалды, дейді. Анам құлап қалды, кейін мен жыладым дейді. Үш жасар қыздың сөзі осы. Бірақ анасын сұрамайды. Бәрібір бала да сезетін сияқты. Болған оқиға қаз қалпында көз алдында қалған”, – дейді Қайыржан Ерқасымов.

Қазіргі таңда отбасы лифттің не себепті істен шыққанын анықтау үшін сараптама нәтижесін күтіп отыр. Сұм оқиғадан кейін облыс басшысының тапсырмасымен, қаладағы барлық лифтілер тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, оқиға 4 сәуір күні кешке орын алған. Лифттің есігі толық ашылмастан, үш жасар қыз оның ішіне кіріп кеткен. Анасы қызының артынан кірмек болғанда есік жабылған. Айзат оқиға орнында көз жұмды.

Дереккөз: stan.kz 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика