Леонардо Ди Каприо «Оскарды» қайтарып берді

16 июня 2017

АҚШ-тың Әділет министрлігі Red Granite Pictures продюсерлік фирмасын Малайзияның инвестициялық қорынан ақша ұрлады деп айыптауда. Сол себепті голливуд актері Леонардо Ди Каприо «Уолл-Стрит қасқыры» фильміндегі рөлі үшін сыйға алған «Оскар» мүсінін қайтарып беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Leonardo DiCaprio accepts the Oscar for Best Actor for the movie «The Revenant» at the 88th Academy Awards in Hollywood, California February 28, 2016. REUTERS/Mario Anzuoni — RTS8H29

2013 жылы Ди Каприоның қатысуымен түсірілген «Уолл-Стрит қасқыры» фильмін түсіру кезінде Red Granite Pictures продюсерлік компаниясы қордан ақша ұрлаған деп отыр АҚШ әділет министрлігі. Сол себепті Ди Каприо «Оскар» сыйлығынан басқа қайырымдылық бәссаудасын ұйымдастыру үшін сыйға алған заттарын да қайтарып берген.

Сол кезде актерге «Уолл-Стрит қасқыры» фильміне түскені үшін 1954 жылы атақты Марлон Брандо жеңіп алған сыйлық та тарту етілген көрінеді.

Айта кетерлігі, Леонардо Ди Каприо бұл жүлдені «Уолл-Стрит қасқыры» картинасына қатысқаны үшін продюсерлерден сыйға алған болатын. Ал актерге алғаш рет «Оскар» сыйлығы 2016 жылы The revenant («Выживший» немесе «Итжанды адам») фильміндегі рөлі үшін табысталды.

 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика