Латвияда ана тілін білмейтін әкімге айыппұл салынып, үстінен іс қозғалды

10 апреля 2018

Латвияда өзінің ана тілін білмейтін қала әкімі, дума төрағасы Рихард Эйгимс екінші мәрте ана тілінен сынақ тапсыра алмай сүрінді. Енді осы қылығы үшін айыппұл төлеуге мәжбүр.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, заң бойынша лауазымды орында отырған азаматтар өздерінің ана тілін белгілі бір деңгейде білуі керек. Әрі мұны арнайы сынақта дәлелдеуі тиіс. Өткен жылы әкім сынақтан сүрініп, алты айдың ішінде тілді толық меңгеру туралы ескерту алған болатын. Алайда ол уәдесінде тұрмаған. Енді айыппұл төлеуге мәжбүр. Әрі оның үстінен іс қозғалып, қызметінен алып тастау мәселесі қарастырылуда. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика