Ләйлә Сұлтанқызы басты арманын айтып берді

15 Ақпан 2018

Астана қаласында танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің «Әйел» кітабының тұсаукесерін өткізді. Қазақ тілінде бес мың дана болып шыққан бұл еңбек тұрмыстағы қыз-келіншектерге көмекші құрал болуға қауқарлы. Осы орайда Ләйлә ханым  tengrinews.kz порталының тілшісіне өзінің басты арманы туралы айтып берді.

«Кітап дүкеніне бас сұқсаңыз, жаңа кітаптардың арасынан қазақ тіліндегі еңбекті кезіктіре алмайсыз. Балар әдебиеті, саяси дүниелер кезіктіруіңіз мүмкін, бірақ қазақ әдебиеті тым аз. Бәлкім сұраныс жоқ шығар?! Мен неге бұлай екенін білмеймін. Шынтуайтына келгенде бізде ақындар мен жазушылар көп. Баспаханалар да жетіп артылады. Оның үстіне Жазушылар одағы да бар. Бәлкім біздің авторлар қолдауға зәру шығар?

Мен жас авторларға қолғабыс жасағым келеді. Әрине авторлық құқық, қаламақы мәселесі назардан тыс қалмайды, бірақ жақсы идея үшін ақша әркезде табылады. Міне, менің басты арманым осы», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика