Қызы үшін шырылдаған жалғыз басты ана көмекке зәру (видео)

10 апреля 2018

Кәрима Хайдарбекова ауыр дертке шалдыққан перзентіне ем – дом жүргізу үшін халықтан қол ұшын беруді сұрайды. Бес бірдей қызды жалғыз өзі тәрбиелеп жүрген келіншектің 9 жастағы қызы екі айдан бері белгісіз сырқатқа душар болған. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.

Кәрима 5 қызымен бірге Достық мөлтек ауданындағы жағдай жасалмаған мына үйде тұрады. Отбасын тастап кеткен отағасынан мүлде хабар да жоқ. Жалғыз басты ана кенже қызының мүгедектік бойынша жәрдемақысымен күн көреді. Арасында тиын – тебен де тауып тұрады. Алайда ағымдағы жылдың ақпан айында келіншектің 9 жастағы қызы аяқ асты сырқаттанып қалады. Бастапқы да Ұлбосынның қызуы көтеріліп жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Мұнда дәрігерлер науқасқа энтеровирусты жұқпалы дерті диагнозын қойған. Алайда артынша жасөспірімнің жағдайы нашарлап, ол жан сақтау бөліміне түседі. Содан бері Ұлбосын өздігінен жүре алмай қалған, дейді анасы.

Кәрима Хайдарбекова

қала тұрғыны

Ең бірінші негізі февральдің басынан бастап а уырып жатыр бұл қыз. Басында жұқпалы аурулар ауруханасына 3 күн жаттық. Үшінші күні кешкісін шығарып жіберді. Ол кезде температура бас аурумен түскенбіз. Сол күні шығып,түнде жанс ақтау бөліміне түстік. Сөйтіп қызымның аяғы сыр бере бастады, жүре алмай.

Қазір 9 жасар Ұлбосынның жағдайы өте ауыр. Анасының сөзінше қызының үнемі басы ауырып, құсып жөтеледі тіпті тырысқақтығыда ұстап қалады. Шымкенттік дәрігерлер жасөспірімді бірнеше рет тексеруден өткізген соң бірқатар аурудың бар екендігін анықтаған. Алайда жергілікті ақ халаттылар тағайындап берген емдом шарасы 9 жасар қызға көмектеспепті. Содан соң Кәрима ханым облыстық денсаулық сақтау басқармасынан перзентін Алматы қаласындағы”Ақсай” республикалық клиникалық ауруханаға жатқызу үшін арнайы квота беруді сұраған. Дегенмен отбасы жолдамаға қол жеткізу үшін 6 ай уақыт күту қажет. Бұл ауруы асқынып жатқан Ұлбосын үшін өте ұзақ мерзім, дейді қала тұрғыны.

Кәрима Хайдарбекова

қала тұрғыны

Инна Михайловнаға жолыққанда облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы ол Алмас Шерниязоваға бар деді. Оған барып едім, Алматыға Ақсай деген ауруханаға квота берді. Осыдан хабарласып біліп т ұрасыздар де ді. Хабарластым, сөйтсем 6 айдан кейін дейді. 6 ай күтетін бізде мүмкіндік жоқ денсаулығына баланысты. Алты айда бүйректе іс т ен шығып кетеді уже

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл отбасы жедел түрде квотаға қол жеткізе алмайтынын алға тартады. Өйткені Ұлбосынды қашан қабылдау туралы шешімді тек Алматыдағы ауруханадағылар шешеді. Сондықтан ол Ақсайдағы ауруханаға тек 6 айдан соң жатуға мүмкіндік алады. Дегенмен қазір басқарма мамандары уақытты созбаудың амалын іздеуге кірісіп кеткен. Енді олар отбасына қолдау көрсету мақсатында жолдаманы алу тәсілін тездету жұмысына „Нұр отан„ партиясын да жұмылдырмақшы. Сауапты іс жасап отбасына көмек берем деушілер экранда көрсетілген нөмірге хабарласа алады.

+7(771)3860774.

Бактегі карта нөмірі 4092 7303 2234 1218.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика