Қызтеке жігіт сыныптастары зорлап тастағанын айтты (ВИДЕО)

16 апреля 2018

Өзін Gayana are деп таныстырған 22 жастағы қызтеке жігіт Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Өз ойым»бағдарламасында жеке  өмірі жайлы айтты. Оның бұндай жолға түсуіне 11 жасында көрген психикалық әрі физикалық зорлығы себеп болған екен, — деп хабарлады sn.kz 

Студиядағы психологтың «бала күніңде зорлық болды ма?» деген сұрағына Gayana «иә» деп жауап берді.

«11 жасымда көршілерім, сыныптастарым және өзімнен үлкен ұл балалар зорлап тастады. Қарсылық көрсеткеніме қарамастан мені ұрып, зорлап тастады», – деді ол.

Gayana are жасөспірім шағында өзі қатарлас жігіттерден ерекшелеу екенін аңғарған.  Өзін қыз сезініп, айнаға жиі қарай бастаған ол ата-анасы, достарының сөзіне құлақ аспастан қыз балаша киінеді. Айтуынша оған қазіргі өмірі ұнайды.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика