Қыздарды кездесуге шақырып, артынша тонап кеткен жігіт ұсталды

19 сентября 2017

Шымкентте полицейлер әлеуметтік желінің көмегімен алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыс

Көрнекі сурет

ІІД мәліметінше, полицияға 28 жастағы қыз арыз берген. Оның айтуынша, алаңда оған бір ер адам жақындап, алдап-сулап алтын бұйымдарын тонап кетіпті. Жедел іздеу шаралары барысында бұрын сотталмаған 1985 жылғы күдікті ұсталды.

«Алаяқ әлеуметтік желі арқылы қыздармен танысып, кездеуге шақырған немесе ұялы телефонын сатқысы келгендермен сайт арқылы хабарласып, келіскен. Кейін оларды кездесуге шақырады. Сенімге кірген соң, алдап-сулап, алтын бұйымдарды, ұялы телефондарды және басқа да бағалы заттарды тонап кеткен. Ұрланған заттарды сатып, өз қажетіне жаратқан», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір оның сегіз алаяқтыққа қатысы бары анықталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Read more: https://sputniknews.kz/regions/20170919/3270501.html


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика