Қытайлықты басын идіріп, кешірім сұратты (видео)

28 Сәуір 2017

Үш бидің ескерткішіне шығып, фотоға түскен жігіт қытайдың Ақсай қазақ автономиялы ауданында тұрады. Осы суретті көрген қазақ жігіттері қытайлықты ұстап алып, ескерткіштің алдында халықтан кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Бұл туралы Жарқынбек Жұмаділ есімді желі қолданушысы өз парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Qasym.kz

«Кей істерді нақты біліп алмай топ ортаға таратып орынсыз шулатудың қажеті шамалы. Үш бидің ескерткішінің үстіне шығып суретке түскен қытай туралы айтып отырмын. Ол Қазақстанда болған оқиға емес. Қытайдың Ақсай қазақ автономиялы ауданында болған. Кейін сол жақтағы қазақтың намысты жігіттері ол қытайды іздеп тауып қазақ халқынан басын идіріп кешірім сұратты. Миллирард қытайдың арасында отырсада намысын таптатпаған осындай мықты қазақтар бар», – деді ол.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика