Шекарашылар жесір ананың ақшасын қайтарады

10 апреля 2017

Қытай елінен көшіп келген жесір ананың басындағы қасірет көпті елең еткізді. Қытайдағы мал-мүлкін саудаға салып, қазақ даласына келген кезде «Майқапшағай» шекара бекетінде Мәуітхан Гүлжанның бар ақшасын шекарашылар тәркілеп алған. Мұнысымен қоймай ірі көлемдегі ақшаны заңсыз алып өтпек болғаны үшін үстінен іс қозғамақ болады. Кейін аталмыш іс қайта қаралды.

Зайсан қаласында өткен сот процесінде Гүлжан Мәуітханның мәселесі қаралып, сот шешімімен оның қаражаты қайтарылып беретін болды. Бұл туралы  Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Ұлы қазақ Елі, Сүйінші, бұйырса жеңдік! Зайсан сотына, Майқапшағай кеден бекетіне рахмет!
Ананың ақшасы қайтатын болды». — деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика