Қытайдан келген анадан тәркіленген ақша қайтарылады

17 Шілде 2017

Қытайдан атажұртқа оралмақ болған Гүлжан Мәуітханның даулы ісіне соңғы нүкте қойылды. Шекара бекетінде бар жиған – тергенін айырылған ана енді өзіне тиесілі ақшаны қайтарып алады. Бұл туралы ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың сәуір айында Қытай елінен қоныс аударған Гүлжан Мәуітхан Майқапшағай бекетінде жиған-терген қаражатынан айырылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Әйел шекарадан аса ірі көлемде қаражатты тіркеусіз алып өтуге болмайтынын білмеген. Ал шекарашылар оның бұл әрекетін экономикалық қылмысқа балап, қаражатын тәркілеп алған болатын. Алғашқы сот отырысында Зайсан аудандық соты Гүлжан Мәуітханды айыпты деп тауып, тәркіленген қаражатты мемлекет пайдасына алу туралы үкім шығарды. Алайда апелляциялық сот бұл үкімнің күшін жойды.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика