Қылмыскердің анасына жазған хаты (оқиға)

4 апреля 2017

Ертеде бір отбасының жалғыз ұлы болыпты. Ата-анасы баласының бетінен қақпай еркелетіп өсіріпті. Бала кезіндегі сотқарлығы аздай, ержеткен шағында да әке-шешесіне көрсетпегені қалмапты: ұрлық, біреуді ұрып жығу оған түк емес болатын. Үміт күткен ұлдарының мұндай болғанына ата-ана байғұс жүректері езіліп зар жылайды. Ақыры жасаған істерінің жазасын өтеуге темір торға тоғытылады.

Арада біраз жылдар өткенде әлгі жігіт әке-шешесіне:

«Қымбатты менің әкем, анам! Мен қателікті көп жасадым. Сіздерге қуаныш сыйлаудың орнына бастарыңыздан қайғы мұң арылпай қойдым. Кешіріңіздер деп айтуға тілім де бармайды. Сіздерді ойлап жүрегім тыныштық табар емес. Мені Алла да, сіздер де кешірмессіздер. Дегенмен кешірдім десеңіздер ауыл сыртындағы жалғыз ағашқа ақ мата іліп қойыңыздаршы. Мен пәлен күні мына уақытта ауыл сыртынан пойызбен өтемін» деп хат жазып жібереді.

Аталған күні ауыл сыртынан өтіп бара жатып тағатсыздана алыстан мұнартқан ағашқа қараса, әлгі ағаш толықтай ақ матамен қапталыпты…


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика