Қылмыскерді сот залына қарумен кіргізгендер жазаланды

2 Сәуір 2017

Жылдың басында Қостанайда ажырасып жатқан еркек сот залында әйелін өлтірген болатын. Сот ғимаратының қызметкерлері қылмыстың алдын алуға еш шара қолдана алмаған. Сондықтан да облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының бұйрығымен 8 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі Қостанай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Бұйрық бойынша ішкі істер органының екі қызметкері және бір лауазымды тұлға жұмыстан шығарылған. Ал қылмыскерді сот залына жеке куәліксіз әрі суық қаруымен кіргізгені үшін МКҚБ полиция қызметкері А.Калкаев рұқсатнама режимін бұзғаны үшін «Жауапсыздық» бабы бойынша айыпталып, 2 жылға шартты мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Талғат Магзумов,

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика