Құлдар қағидасы

22 августа 2018

Құл (Раб) түсінігінің пайда болғанына біздің эрамыздан бірнеше мың жыл бұрын болғаны жайлы тарихи деректер көп ақ екен… Мен бұл жерде тікелей құлдар туралы емес, «БАСҚА ҚҰЛДЫҚ» түсінік жайында Сіздермен бір екі ауыз сөз бөлісіп, мәдени түрде пікір алыссақ деген ой ғана еді…
Бәріміз де сананың (Құдайдың) құлымыз ғой...

Мысырлықтарда -Ра (Күн құдайы) Буддизмде — Брахма, Қытайларда — Тянь , яғни, (күн асты елі (天下 — Тянь Ся). Тәңірде -Тәңір, Иудаизмде — Яхве, Христиандар -БОГ , Мұсылмандар АЛЛАХ, Православие — Троица (Для православных людей Бог это Святая Троица — Отец, Сын и Святой Дух) . Католиктерде — Ғайса(Исуус Христос) т.с.с. Осы діндегілердің көбі өздерін Құдайдың құлы деп есептейді…

Құл иелену заманында билікке қарсы көптеген көтерілістер болған екен (бертін Спартак т.с.с) Мысыр өте үлкен мемлекет болып тұрғанда, соғыс жиі болып, онда қолға түскен адамдарды «тірі өлілер» (Мертвые живые) деп, оларды басқару консепциясын өте тиімді пайдаланып: — Сендер перғауынға құл емессіңдер, сен Құдайға құлсыңдар, — деп, еркіндік туралы иллюзияны жоғалту идеясы болып табылады! Тіпті, Құдайлар үйі, — деп, өздеріне пирамидалар да тұрғызады.
Яғни, Құдайдың құлдарысыңдар, — деген сөз сол заманнан келе жатқан түсінік екен…Саналы ойлауға шектеу қойылып, құлдарды басқарудың ең үздік үлгісі пайда болды!!!

(ПИРАМИДА ($€£¥₸) … Діни пирамида & Қаржылық пирамида & MLM «Сетевой маркетинг»т.с.с) Ол басқа тақырыпқа арқау болар.
Дінге монополия жасап отырған діндер басқа діндерді Секта дейді. Себебі, олар конкуренттерді қаржылық, биліктен айыру керек. Шындығында барлық діндерді Секта деп атайды ғалымдар….

Діннің бәрі өздерін «БЕЙБІТ» дінбіз, — деп айтады. Егер, сіз бір дінге кіріп, сонан кейін онан басыңызды тартатын болсаңыз, олар Сіздің басыңызды денеңізден айырып барып, сізді тыныштандырады. Мысалы, мұсылмандар мұндай пендеге — Муртад,- деп ат қойған, — дейді. «Иртидад»

Яғни, Сіздер бұл өмірде қиыншылық көргенмен, ана өмірде (Жұмақ) барлық «бақытты» көресіңдер, тіпті, арақ — шарап, әйелдер мен жасөспірімдерді де…Осылай құлдардың санасына қалтарыста қақпан құрып, оларды басқару технологиясының бір үздік идеалогиялық құралы пайда болды. ( Ғылыми деректер мен тарих… діндер бір біріне өте ұқсас)

Мысырлық Киелі Кітап Тотада бұл жайында біраз мағлұмат бар. Мысырлық «квадрига», христиандық «троица» бір біріне ұқсастығы көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ПЛАГИАТ деген пікірде. Пайғамбарларға уақи беріліп түскен кітаптардың да ұқсастығы тіпті, көне шумер акаттық әпсаналармен байланысы бар екені жайлы үлкен ғылыми зертеулер жазылған екен…

Біздің эрамызға дейін үш ғасыр бұрын өмір сүрген Мысырлық Құдаймен адамдардың арасындағы делдал (Жрец) Эгиптиак тарихын жазып кетеді. Оның кейбір үзінділері яхудилік (Еврей) тарихшы Иосиф Флабия арқылы жетіп отыр. Көне тарих зерттеушілері Мысыр дінінің жұмбағы жайлы көп жазады » Плутарх пен Герадот» (Ол жайында франсуз зерттеушісі Франсуа Шампаньол 1822 жылы үлкен еңбек жазып кеткен еді)…
Перғауын Аменхотеп Атон (Ра) құдайды ойлап тапты, сондықтан, Эхнатонды алғашқы құдайлардың бірінші елшісі деп айтуға болады.

Оған дәлел Тора «15» Мұса пайгамбар (Мойсей) айтады: Мен данышпандықты Гелиополисте Мысырда үйрендім, сондықтан яхудилер діні (Еврейлер) мен Атон мәдениетінің көптеген ұқсастығы бар. Яғни, Эхнатон жер бетіне жіберілген бірінші пайғамбар болып табылады. (Эхнатон құдай титулын алудан бас тартқан).

Мұндай ұқсастықтар Құранның «64» сүресінде, Матвейден келген Інжілдің «25,26.27» жырында кездестіруге болады. Басқа Мысыр және Грек әпсаналарындағы (мифологиялар) кейіпкерлерге тоқтауды жөн санамадым. Мысалы Мұса( Мойсей), Ғайса (Иссуус Христос), Мұхамед с.ғ.с. пайғамбарлар мінген пырақтар (Пасейдонның Пегасы) жайында өздеріңіз талдап аларсыздар.
(Кейін Иерусалимде (Аудармасы; Сәлім салған қала екен) Авраамның ұрпақтары (Оларға Аллаһтың рахымы болсын) ары қарай дамытып, (рестайлинг) жасап әлемге таратады…

— Дін көптеген əлеуметтік паразиттерді тудырғанымен қоймай,( Жрец, раввин, поп, молда) қара халықтың қалтасына да қол сала бастады. (Подаяния, пітір- садақа, тіпті салық та төлемейді т.с.с)
Қараңғылықта өмір сүріп жатқан адамдар рационалды ойлай алатын адамдарды «АДАСҚАНДАР» деп, оларды ағаш атқа мінгізкісі келеді….Бірақ, ақыл оған бой бермей жатыр!

Ғайса пайғамбар туғаннан басталған жыл санауымыздың екі мың он сегізінші жылы үшбу сәлеммен Сіздерге жолдадым. Ибрахимдік (Авраам) жыл санау мен Хиджра жыл санауын өздеріңіз белгілеп жазарсыздар, әзиз Достарым… Қысқа жазды деп ренжімеңіздер…( Өткенде,
Дін қаруға айналып барады,- деген сұраққа жауап іздеудің бір көрінісі деп бағалаңыздар)

Мәскеулік раввин:- Діндердің бастауы Авраамдык ( Ибрахим, Ыбырай) болып табылады дегенге көп адамдар ойланып қалғаны шындық па деген ой келеді! Құрбандық шалу туралы айтқанда….

P.S. Бұл діндарлардың наным — сеніме нұқсан келтіру емес, діндердің ұқсастығы туралы ғылыми ақпараттарға көз жүгірту ғана. Қандай бір пікірталаста ғылыми негіз болса, сол жерде шындық ашылады деген ізгі ой еді…

Сәбетқазы Нұрсила

Abai.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика