Күйеуін өлтіруге киллер жалдаған әйел ұсталды

29 мая 2017

Өз күйеуін өлтіруге адам жалдаған қарағандылық әйел ұсталды. Қырықтан асқан келіншек жарынан құтылу үшін киллер іздеген. Оның бұл әрекеті дер кезінде құқық қорғау органдарының құлағына жетіп, қылмыстылар құрықталды, — деп хабарлайды Qasym.kz

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан  қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әйелдің жымысқы ойын білген соң арнайы шара қабылдайды. Олар киллер ретінде өздерінің адамын жіберіп, қылмыскер келіншекті бұлтартпас айғақтармен қолға түсірген. 

Оқиға ағымдағы жылдың наурыз айының орта шенінде орын алыпты. Киллердің рөлін ойнаған полиция қызметкері жасанды адам өлімін ұйымдастырып, тапсырыс беруші әйелге фото есеп береді. Осыдан соң тапсырыс беруші оған ақша ұсынған. Дәл сол кезде тұтқындау шарасы жүргізілді.

Күдікті қазір өз  кінәсін толық мойындап отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына жабылды. Тергеу барысында әйелдің бұл қылмысты жылдар бойы жоспарлап келгені анықталды. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика