«Крышасымен» қорқытқан қыз ұсталды (видео)

1 мая 2017

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтарға өзінің «әкімдік қызметкері» екенін айтып,  «крышам» бар деп қорқытқан қыз ұсталды. Ол расымен де Талғар аудандық әкімдігінде жұмыс істепті. Бірақ осыдан екі жыл бұрын, кейін жекеменшік компанияға ауысып кеткен, — деп хабарлайды Qasym.kz

Тәртіп сақшылары «крышасы» бар қызды ұстап, жергілікті полиция бөлімшесіне алып келген. Ол сол түні өзінің не себептен ашу шақырғанын және мемлекеттік қызметкердің арына нұқсан келтіретін сөздерді неге айтқанын түсіндіріп берді. Оның айутынша, жігіті үш бірдей жол-көлік оқиғасына ұшырап, кейін арттарынан қуғын түскенде  қатты қорқып қалған. Ал жәбірленушілер оларды қуып жеткен кезде «қорғану» мақсатында осындай сөздерді айтуға мәжбүр болыпты. 

Салтанат есімді бойжеткен Талғар қаласының тұрғыны. Қарапайым отбасыдан шыққан. Анасы отбасының жалғыз асыраушысы. Ол өзінің әрекетіне өкінетіндігін және мемлекеттік қызметкерлер мен барша қазақстандықтардан кешірім сұрайтындығын жеткізді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика