ҚР БҒМ бұрынғы вице-министріне қатысты сот басталды

15 марта 2017

Экс-шенеунік жоғары лауазымыды қызметте жүрген кездерінде қазына қаражатын жеке мақсаттарына жұмсап, талан-таражыға салған. Мемлекеттік айыптаушы Дәрен Әшімовтың айтуынша, өзінің қызметтік құзіреттілігін асыра пайдаланған Шаяхметов қылмыстық топ құрып, Өскемен қаласында Машина жасаушы мамандарды дайындау мен қайта оқыту орталығының құрылысына бөлінген қаржыны жымқырған.

Саят Шаяхметов

«2011-2012 жылдар аралығында ыице-министр лауызымында отырған азамат Орталық құрылысына бөлінген қаражатты жымқырған. Қылмыстық топтың әрекеті салдарынан аса ірі көлемде материалдық шығын келтірілді», — дейді Әшімов.

Білім және ғылым министрлігінің экс-вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты іс сонау 2013 жылы қозғалған болатын. Оған 1,5 миллиард теңгені ұрлады деген айып тағылған. Алайда ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Сыбайластары да дәл осындай позицияны ұстап, тергеу жұмыстарын кешеуілдеткен.

Артынша Саят Шаяхметовтың қорғаушылары істі қайта қарау туралы шешім шығартты. 2015 жылдың қыркүйек айында Шаяхметов ісі қосымша кешенді сараптамаға жіберілген болатын.

Сұлтан Жомартұлы

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика