Қостанайда өзіне қол салған оқушы хат жазып кеткен

10 апреля 2018

Қостанай қаласында 17 жасар оқушы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні болған. Ақпаратты қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Оразбаева растады. Жасөспірім Қостанайдағы  №1 мектепте оқыған. Оның айтуынша, оқушы жақсы көретін қызы үшін өмірін қиған.

«Ата-анасы сол күні оның жазып қалдырған хатын көріп, бірден іздеуге кіріседі. Алайда, оқушының асылып тұрған денесі келесі күні құрылыс нысанынан табылған. Ол сабақты жақсы оқыды, үлгілі отбасынан шыққан. Біз осы жағдайға байланысты ата-анасына қайғырып, көңіл айтамыз», — деді Гүлсім Оразбаева.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика