Қосағаштың Қазақтары не жазды?

22 Мамыр 2018

Күні кеше ғана Таулы-Алтай республикасына барып қайттық. Негізгі мақсат «Түркология, түркі тілдес халықтардың тілі мен әдебиеті, мәдениеті» атты олимпиадасына қатысу, жеңу. Бұл – студенттің мақсаты.
Ал, журналисттің мақсаты – саяси жағдайын, қоғамдық көзқарасын, менталитетін, тілді қорғап қалу үшін етіп жатқан еңбектерін т.б. көзбен көру, тұлғаларымен сұқбаттасу.
Белгілі нормаларға сай сұқбат алдық. Білгеніміз: Таулы-Алтай республикасының мемлекеттік тілі үш тіл болғанымен, түбінде үстемдік ететіні Орыс тілі. Діни көзқарастары әртүрлі. Біреуі шаманизмді, біреуі тенгрияндықты, біреуі буддизмді ұстанады. Мақұл. Ол біздің шаруа емес.
Ресми емес сұқбаттан не білдік?
1)Біздің латын қарпіне көшіп жатқанымызға кей түркі тілдес бауырларымыз аса қуанышты емес. Себеп? Кириллден алыстаймыз, демек олардан алыстаймыз.

2)Мемлекеттік тілдің бірі Қазақ тілі тілі бола тұра Қазақтарды ұнатпайды. Неге?
Қосағаш деген жер бар. Мекендеушілері – Қазақтар. Тілдері біздікіне ұқсас, байырғы қазақ тілі. Діндері – ала-құлаш. Түрлері – бізге келіңкіремейді. Рух – сөңген. Мәдениет – таныс емес. Этикет – одан әрі. Қай жерде қазақ жүрсе(Алтай қазағы дейікші) сол жерде дау, шартпа-шұрт ұрыс.
Қызығы Алтай Қазақтары жайлы бір жеті көлемінде тек негатив сөздер естіген соң, менің санамда бейсаналы түрде оларды жақтырмаушылық қалыптасып қалыпты. Оны қалыптастырған Алтайлықтар. Ал, салқын көзқарас танытып, барлай қарап көрсек сол айқайды, сол шуды, сол дауды әдейі ушықтыратын (дұрыс айтасыз) Алтайлықтардың өздері. Не үшін?
Өз тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне әупірімдеп әзер көтерген Алтайлықтардың ізін суытпай бізде қазақ тілін сол биікке жайғастырдық. Үй ішінен отау тігіп, Республиканың бірден-бір ауданын Қазақтар мекендейтін аудан қылып алдық. Бұл – бүгінгінің ғана ісі. Ал, тарих не дейді? Таулы-Алтай байырға Жоңғар жері емес пе? Сонда, өткеннің еншісіне еніп кеткен сол жаугершілік заманның кегін тоғыз атадан бері ұмытпағаны ма? Аюға әлі жетпеген соң, ашуын бөлтіріктен алған түрі ме?


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика