Кондуктор тегін жүргуге құқылы мектеп оқушысын автобустан шығарып жіберген

21 сентября 2017

2017 жылдың 20 қыркүйек күні Атырау облыстық прокуратурасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында облыс аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.

Талдау қорытындалары көрсеткендей, облыстық автомобиль жолдарының 51 % қанағаттанарлықсыз жағдайда екені және жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталған, облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов бұның өзі тұрғындар тарапынан наразылық жай-күйлерін туғызатынын атап өтті.
Бірақ мемлекеттік органдармен қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы орын алған жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі — ЖКО) санын 13,6%-ға төмендетуге қол жеткізілген, алайда бұл көрсеткіш қанағаттанарлықтай емес, ЖКО нәтижесінде 209 адам жарақат алып, 28 қаза болған.
Талдаумен ең қауіптісі Атырау-Астрахань тас жолы болып отыр, онда орын алған ЖКО-ы нәтижесінде 7 адам қаза тауып, 15 әр түрлі дене жарақаттарын алған.
ЖКО-ның басты себебі — тас жолдың қанағаттанарлықсыз күйде болуы, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асыруы, қарсы бағытқа шығуы және автокөлікті мас күйінде басқару.
Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру сапасы да сын көтермейді, прокурорлар жолаушылар тасымалын толық-қанды ұйымдастыру үшін 178 бірлік автобус қажет ететіндігін анықтаған.
Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен Жылыой және Исатай аудандары бағыттарынан басқа, аудан орталықтарына тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын маршруттар ұйымдастырылмаған.
Соның салдарынан тұрғындар Атырау-Индер, Атырау-Махамбет, Атырау-Құрманғазы, Атырау-Мақат, Атырау-Миялы тас жолдары бағытында тіркелмеген таксилердің қызметін пайдалануға мәжбүр, сөйтіп ЖКО орын алу қаупін ұлғайтуда.
Көпшілік тұрғындар жүргізушілердің және кондукторлардың қызметіне наразы, ағымдағы жылы әкімдікке 42 арыз-шағым түсіп, оның барлығы өз дәлелін тапқан, 1 жүргізуші жұмыстан босатылып, қалғаны әр түрлі жаза алған.
Соның ішінде жүргізушілер мен кондукторлар жеңілдік берілген тұлғалардан жол ақысын талап етуге дейін жеткен жағдайлар орын алған (мектеп оқушылары, мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.) сондай-ақ, маршрут кестесін өзгерту, маршруттардың аралық уақытын азайту мақсатында жарысу және т.б.
Жақын арада кондуктор тегін жүргуге құқылы мектеп оқушысын автобустан шығарып жібергені туралы БАҚ-да жазылды, — деп облыс прокуроры ренішін білдірді.

Сонымен қатар, уәкілетті орган тектес заң бұзушылықтарға жол берген жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы мекемелерді жазалап, олардың рұқсаттарын кері қайтаруға дейін қарауды ұсынды, сол кезде ғана тиіс әсер болатынын және бұл жағдай қайталанбайтынын атап өтті.
Кеңесте талқыланған сұрақтардың тым өзектілігіне және барлық облыс тұрғындарын ойландыратын мәселе болуына байланысты тұрғындар бізден бұл мәселенің түпкілікті шешілуін күтеді, сондықтан ол қағаз жүзінде қалмауы керек — деп, қорытындылады облыс прокуроры.
Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесінде прокурорлармен облыс әкімдігіне жолдағы жағдайды жақсарту және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика