Коммуналдық қызмет ақысы шарықтап барады

3 марта 2017

СчетчикЕлімізде коммуналдық қызмет ақысы қымбаттап жатыр. Мәселен, электр қуатының 1 киловатына 12 теңге 78 тиын төлеп келген Ақтау халқы енді оны 7,5 пайызға көп төлемек. Сондай-ақ, жылу, су, көгілдір отын, тұрмыстық қатты қалдықтардың тарифтері де көтерілгенін хабарлады «31 арна«. 

Шихы Орынбаев коммуналдық қызмет ақысын осы айдан бастап енді одан да көп төлейтін болды. Тұрғындар тоқ көзінің өзіне ақшаны екі есе жұмсамақ. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер жаңа тарифтер қалтаға ауыртпалық түсіреді деп қынжылады.

ШИХЫ ОРЫНБАЕВ, Зейнеткер:
— Қазір тоққа 7-8 мың төлеп жүрмін. Енді көтерілсе 10-12 мыңға дейін төлеймін ғой сонда. Біздер зейнеткерлерге, көп балалы семьяларға қиын болатын түрі бар.

Ақтау тұрғындары электр энергиясының 1 кВт- на қазір 12 теңге 78 тиын төлеп отыр. Ал, қала іргесіндегі елдімекенде тұратындар әр киловатына 15 теңге 52 тиын жұмсайды. Заңды тұлғалар үшін 24 теңге. Баға енді 7,5 пайызға артады. Су, жылу, көгілдір отын құны да өңірде 10 пайызға көтерілмекші.

БАҚЫТБЕК МҰРАТОВ, МО табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:
— Қазір заявкалар түсіп жатыр. Яғни, бізге тарифті 5-10 пайызға дейін көтеру жөнінде сұраныс келіп түсіп жатыр. Біз шешімді енді қабылдаймыз.

Коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің ұсынысы бекітіліп үлгерді. Тұрғындар жаңа жылдан бастап жаңа тарифке көшті.

Өткен жылдың басында «Қасым.kz» порталы қарапайым халық жаппай үнемге көше бастағанын жазған болатын. Сол кезде еліміздің барлық облысында коммуналдық қызмет ақысы қымбаттаған еді.
Атап айтқанда жылу, жарық және ауыз су үшін жұрт бұрынғыдан артық теңгеге өсті. Әрі сол жолғы тариф тура 2020 жылға дейін белгіленген еді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика