Көлік алғысы келген жігіт аяғы ауыр әйелінің бүйрегін сатпақ болған

14 Ақпан 2018

Танымал адвокат Джохар Утебеков Алматы қаласындағы донор өліміне қатысты жайттың бетін ашты. Ол бұл сұмдық жайды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Qasym.kz

Адвокаттың айтуынша, қайтыс болған азамат интернеттен адамның ішкі ағзасын сатып алатын адам тапқан. Ол осылайша өзінің қарыздарынан құтылуды және көлік сатып алуды мақсат тұтқан. Әуелі әйелін азғырып, донор болуға көндіреді. Астана қаласынан хабарласқан әйел бүйректі сатып алғаны үшін 4 млн.теңге төлеуге уәде берген. Осыдан соң донор болуға келіскен әйел Астанаға барып, тексеруден өтеді. Алайда тексеру қорытындысы оның аяғы ауыр екендігін көрсеткендіктен ол донор бола алмай қалады. Осыдан соң ер адам өз бүйрегін саудаға қоймаққа бекінген. Тіпті 10 мың долларға сатып алатын адамды да тауып қояды. Бірақ ота сәтсіз аяқталып, қаза тапқан. Ал оның артында үш баласы жетіп қалды. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика