Қол-аяғын байлап, адам ұрлағандар ұсталды (фото)

2 мая 2017

Алматы қаласында адам ұрлығымен айналысқан қарақшылар тобы қолға түсті. Қаскөйлер жәбірленушінің қол-аяғын қайырып, көліктің жүк салғышына екі бүктеп салып алған. Бірақ діттеген жерлеріне жете алмады.  Алматы-Бішкек тасжолының 29-шақырымында ұсталып қалды, — деп хабарлайды Qasym.kz

«Алматы» телеарнасының дерегенше, жол сақшылары Маңғыстау облысына тиесілі Lada көлігін тоқтатып, құжат тексергенде жүргізушінің күйгелектеп отырғанын байқаған. Әрі адамның айғайлап, араша сұраған даусы естілген. Тексеру барысында, жүксалғышта  қол-аяғы пластикалық қамытқа байланған ер адам жатқан. Ал арам ойларын іске асырмақ болған үш жігіттің барлығы қамауға алынды.  

Белгілі болғандай ұрланған адам «Nexia» көлігіне жанармай құйып жатқанда тұтқындалған. Дөрекілер оны салонға итеріп кіргізіп, тау жаққа алып кеткен. Сол жақта кезінде бірге жұмыс жасаған таныстарын соққының астына алып, кейін  Шымкентке алып кетпекші болыпты.

Адам ұрлығы бойынша үстерінен қылмыстық іс қозғалған жігіттер Қарасай аудандық Ішкі істер басқармасының тергеу изоляторына қамалған.  

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика