Қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды

17 Шілде 2017

Қарағанды облысына қарасты Сәтпаев қаласындағы шағын аудандардың бірінен қоқысқа тасталған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлаған.

Мүрдені сол маңда тұратын әйел адам тапқан. Қоқыс тастауға шыққан келіншек нәрестенің денесін көріп, бірден жедел-жәрдем шақырады. Өздері көршілерімен бірге баланы тірілтіп алу үшін алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ бала шетінеп кеткен.

Қазір баласын қоқысқа лақтырып кеткен көкек ана іздестірілуде.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика