Көкшетаулық оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

2 мая 2017

Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінде оқыс оқиға орын алды. Сегізінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында талып қалып, ауруханаға жетпей көз жұмған, — деп хабарлайды Qasym.kz

Жедел жәрдем

Мектеп басшыларының айтуынша, 15 жастағы оқушының денсаулығында бұрын еш кінәрат болмаған. Дәрігердің есебіне алынбаған. Оқиға орын алған күні оның бойынан ауру белгілері байқалмапты.

«Таңертең оны көңіл-күйі көтеріңкі болды, денсаулығына еш шағым болған жоқ. Дене шынықтыру сабағында ол кенет өзін жайсыз сезініп, қабырғаға сүйеніп тұрып қалған. Артынша  аузынан көбік ағып, талып қалды. Мектептің медициналық қызметкері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оған алғашқы реанимациялық көмек көрсетті. Біз бірден баланың ата-анасы мен жедел жәрдемге қоңырау қалдық», — деді №2 мектеп-лицейдің директоры Гүлнар Әбдіқасымова.

Дәрігерлер жасөспірімнің өмірін сақтап қалуға қанша тырысқанымен еш нәтиже шықпады. Бала ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне тромбтың үзіліп кетуі себеп болуы мүмкін.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика