Көкшетаудағы сот төрағасының өліміне қатысты тың деректер жарияланды

14 Маусым 2017

ІІД өкілдері Көкшетаудағы атышулы адам өлтіру ісіне қатысты тың деректерді айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Ақмола облыстық ІІД өкілдері кезекші бөлімге 1971 жылғы әйелдің мәйіті өз үйінің жуыну бөлмесінен табылғаны жайлы хабар түскен. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған.  

Қазіргі уақытта заттай айғақтар тәркіленіп, күдікті өз кінәсін мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Осыған дейін Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы Жанна Бардіқұлова өлі табылғаны хабарланған еді. Бердіқұлованың мәйіті 13 маусымда табылған. Марқұмның әріптестері оның жақындары мен таныстарына көңіл білдіріп жатыр. Жанна Бердіқұлова небәрі 46 жаста болған. 

«Бүгін керемет адамнан айырылдық! Басты сөз – адам! Ол тамаша адам, тамаша әйел, отбасының сүйікті қызы… «Болған» деген сөзді жазу ауыр екен. Ал ол қандай судья еді. Ол біздің жұмысымыздың барлық қырын танитын. Ол еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастады. Ол туралы өткен шақта жазған өте қиын… Оны жеке танитынмын… Ол үнемі жас судьяларға көмектесетін, БАҚ-қа сұхбат беріп жүрді…. Ал өткен съезде тамаша сөз сөйледі! Ол істі қарауды жеңілдету мәселесін көтерген! Небәрі 46 жаста еді! Өз ісіне жаны ашитын», – деп жазыпты Жоғарғы сот судьясы Елена Максюта. Әріптестерінің мәліметі бойынша, Жанна Бердіқұлова Алматыда жерленеді. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика