Классиктер деп жүрсем, түкке тұрғысыз біреулер екен…

13 февраля 2019

Әлеуметтік желілерді ақтарып отырып, мына жазбаға көзім түсті. Оқып шығып, біртүрлі болып қалдым. Айтылған жайларға сенгім келмеген. Бірақ оны айтқан адам анау-мынау емес, атақты Бауыржан Момышұлы (жазба иесі бұл үзінділер Б. Момышұлының «Айтылмаған ақиқат» кітабынан алынды деп жазыпты) екен.

Оқып шықтым да бұрынан классик жазушылар деп сыйлап келген, әдебиетіміздің қабырғасын қаласқан бүгінде көзі жоқ жазушы ағаларымыздан жиіркеніп қалдым. Неге? Оқып көріңіз.

Б.Момышұлы: «Я очень недоволен. Мұхтар Әуезовтің «Абайы» – ұлы шығарма, бірақ кейбір жерлерімен келіспеймін. Неге? Себебі не? Ол кісі Абайды көтеремін деп Құнанбайды кемітеді. Бұл өте үлкен қате деп білемін. «Иттен ит туады боқ жейтұғын, Малдан мал туады шөп жейтұғын», – дейді. Осы принципті Мұхаң саясатқа бейімдеуге барды.

Құнанбай — ол қазақтың Иван Грозныйы. Иван Грозный мақсатына жетті, бірақ Құнанбай ойына жете алмады. Мұхаң осыны түсінбеді. Әкесі мен баласын қарсы қойған. Мен бұл ойымды Мұхаңа айтқан болатынмын.

******

Мұхаң (Мұхтар Әуезов) — білуге құмар адам еді. Ол кісі әр сасық құдыққа үңілмейтін. Атын бала кезімнен білетіндердің біреуімін. Мен — шетте өскен қазақтардың бірімін. Ұлы Отан соғысының бас кезінде менің атағым ел аузына ілікті. Содан бастап орысша айтқанда «меня без меры хвалили и без вины терзали». Екеуіне де шыдап келе жатырмын. Менің даңқым Мұқаңның да құлағын елертіпті. Ол кісі майданда жүргенімде, маған 8 хат жазды. Бірақ та ол хаттарын кейіннен «ұлтшыл Бауыржанның» кесепатынан қорқып, менің академиядағы архивымнан өзі ұрлап жойды. Оны мен ол кісіге ешуақытта кешірмеймін. Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін.

******

Ғабит Мүсірепов! Ол кісі қазақтың қадірін білмейтін кісі, ол маңғаздау кісі — маңғаздану ақылдылыққа жатпайды. Өзін-өзі қазақ әңгімесінің классигімін деп ойлайды, ал шынында, ол классик емес. Ол — авантюрист.

Сәбит Мұқанов — қазақша айтқанда, ол иіні қанбаған қамыр. Он тоже считает себя классиком — это предел дурачества.

Ғабиден Мұстафин считает тоже себя классиком. Это — невероятная глупость. Этот абсолютно неграмотный человек, какое он имеет право претендавать на классику.
Я, как читатель, признаю классиками наши литературы А.Байтурсынова, М.Дулатова, Ж.Аймауытова, М.Жумабаева и других, а этих товарищей классиком не признаю.

Шоқан — шоқынған қазақ болған. Ол орыс тілін прекрасно знал. Даже русские завидовали ему.

Үзіндіні Бауыржан Момышұлының «Айтылмаған ақиқат» кітабынан алып, facebook әлеуметтік желісінде жариялаған Есет Қалиев.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика