КИЕСІ КӨК ТУДЫҢ!

18 августа 2016

КИЕСІ КӨК ТУДЫҢ!Данияр Ерсің сен,
Таймадың сертіңнен!
Аңызға айналды,
Қолғабың тер сіңген.
Түйредің иек-беттен,
Тамырың епті еткен.
Бұл тұғыр есе ғой,
Әркімде көп кеткен.
Көп қылдың, көк қырғын,
Көпті сан соқтырдың.
Төбеңнен рух құйған,
Киесі Көк Тудың!
Асқақта сол күймен,
Ер емес еңкейген.
Арыны Алаштың,
Жұдырық сен түйген.
Ал Рио, таңдай қақ,
Бұйырды нардай бақ.
Қазақ ар деп туып,
Өледі арды ойлап!!!

18.08.2016 ж.
Ж.Қуандықұлы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика