Кесір келін енесінің басын шауып тастаған

31 августа 2017

Қырғыстанның Ош қаласында жантүршігерлік қылмыстық оқиға тіркелді. Енесін өлтіріп, оның басын шауып алған келін мен оның туған  әпкесі құрықталды. Бассыз әйелдің мәйіті қаладағы қоқыс контейнерлерінің бірінен табылған. Әзірге марқұмның басы қайда екені белгісізі. 

Тергеу дерегінше, келін мен ене арасында жанжал туындаған. Марқұмның ұлы жұмысқа кеткен кезде ол келініне дауыс көтеріп, оның өз ұлына лайықты жар еместігін айтады. Бұған ашуланған келін сырттан тас әкеліп, енесін ұрып өлтірген.  Осыдан соң өзінің әпкесін көмекке шақырады. Екеулеп жүріп өлген әйелдің мәйітін бөлшектеп тастайды да қаланың әр бұрышындағы қоқыс жәшіктеріне лақтырып тастаған. Қазір әйелдің басын іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыскерлер өз күнәларын мойындаған.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика