Келіні енесін қамап ұстап, бар алтынын тартып алған

2 июня 2017

Қазынасындай қадірлеуі тиіс қариясына қол көтеретіндер неге көбейіп кетті? Басқа емес, бауыр еті баласынан таяқ жейтін қарттарды кім қорғайды? Жекеменшік қарттар үйін жағалайтындар кім? Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әжібек Молдабаева. 75 жаста. 10 баланың анасы. Ақтөбе облысы,  Хромтау ауданына қарасты,  Табантал деген ауылда тұрған екен. Бірақ кенже ұлымнан зәбір көрдім деп, Ақтөбедегі қызының қолына қашып келіпті. Айтуынша, осы күнге дейін зейнетақысын алып келген келін-баласы, ауылдағы үйін де  өз аттарына аударып алған көрінеді. Енді ай сайын алып отырған ақшадан айырылып қалғандар, аналарын қызының үйінен алып қашып кетпекке, аңдып жүрген көрінеді.

“Алып кетем мен, қапшыққа салып деп мені. Зәрем ұшады, мыналарға айтам, мені кілттеп кетіңдер деп. Алла сақтасын, мынау нағыз бандит болды ғой мынау”, – дейді зейнеткер Әжібек Солдабаева.

Қазірдің өзінде далаға шығудан қорқып қалған Әжібек әже, кенжесінің қолында өмір сүрген қиын күндерін қайталағысы жоқ. Айтуынша, келін-баласы бес ай бойы бір бөлмеге қамап, ешкіммен тілдестірмей де қойған. Тамақ бермей, құлауға шақ қалғанда ғана аздаған макарон беріп, есін жидырып алады екен. Үйін де зейнетақы көбейеді деп алдап, бір құжаттарға қол қойғызып алған дейді. Енді әжейдің жалғыз тілегі , үй соларда қалса да, менен аулақ жүрсе дейді.

“Мына құлағымдағы сырғама дейін алып алды. Артынан қызым әкеліп, оны түнде құлағымнан шешіп алды келінім”, – дейді зейнеткер Әжібек Молдабаева.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика