Келінді базардан іздегендер желіні жарды

19 сентября 2017

Жұртты таң қалдырудан шаршамайтын шымкенттіктер бұл жолы елді қыран топан күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде өзіне келін іздеген әлдекімнің әрекетінің фотосы пайда болды. Онда «келін керек, срочно» деген жазуды байқауға болады. Желі қолданушылары бұл Шымкенттегі базарлардың біріндегі жағдай деп, тіпті өздері де хабарландыруды бір-екі рет көргенін атап өткен. Қалай болғанда да бұны оқыған желідегілер келін іздеген адамның әрекетін тауарын өткізудің бір жолы, яғни, хабарландыру алыстан клиентті өзіне қаратады деп болжаса, енді бірі расымен де келін іздеген адамның бұнысына жанашырлық танытты. Ал кейбір бойжеткендер келін болуға дайын екенін ашық мәлімдеді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика