Кек қуған әйел (оқиға)

1 Желтоқсан 2017

Менің атым Олжас. Осы күнге дейін, бір де бір адаммен дос болып көрмедім . Бұған себеп болған әкемді ең жақын досының өлтіруі. Анамның айтуынша әкем Құдайбергенді досы Ақылбек өлтірген. Әкем отбасында жалғыз перзент боыпты. Әке шешесі жол апатынан қаза тауып дүние салып, жастайынан қиналып өседі. Студент болған шағында Ақылбекпен достасып, туған бауырдай болып кеткен екен. Ақылбек байдың баласы болсада, әкем секілді кедей адаммен дос болыпты. Анам Айдана да әкем және досы Ақылбекпен бірге оқыпты. Әкем жоғарғы оқуын үздік бағамен тәмамдаған. Анамның айтуынша Ақылбек сол кезден бастап әкемді көре алмай жүрген. Әкемде білім , ақыл болғаны мен қаржысы болмағандықтан Ақылбекпен бірге жұмыс бастайды. Кәсіп ашып әкем басшы болғанда, досының қызғанышы арта түседі. Жұмыстары алға басып, дамыған шақта, әкеммен досы екеуі тауға серуендеп барып, әкем сол жерде астан уланып қаза болыпты.

 

Бір қызығы Ақылбекке ештеңеде болмаған, және әкем басшылықты сол кісінің атына қалдырып кеткен. Анамның айтуынша ол мұны әдейі жасаған. Себебі әкем өзінің тамағын емес сол досының тамағын жеп уланған. Ол әкемді көре алмаған. Әкемді бопсалап, кәсіпті өз атына аударып, әкемді өлтірген. Жастайымнан анам сол кісіден кек алғанымды қалап, күнде осы жайлы айтып келеді. Әкемде щосының солай жасайтынын білгенбе әйтеуір менің атыма көп мөлшерде ақша қалдырған екен. Соның арқасында еш тарықпай өстім. Ешкімге сенбей, тек кек алуды ғана ойлап, ер жеттім. Ешкіммен дос болмадым. Мейірім шапағат, аяушылық маған жат сезім . Жүрегім тек жауыздыққа, зұлымдыққа толған. Мақсатым сол адамнан кек алу. Соның кесірінен балалығым қор болды. Әкенің мейірімін, жылулығын, қамқорлығын көрмей өстім. Сол адамның суретіне қарап, күн сайын кек алам деп ант етем. Өмірім еш қызықсыз, мәнсіз, жалғыздықпен өтіп жатты. Бір күні менде студент болдым. Қалада үй жалдап тұрдым. Анам ауылда қалды. Бірге оқыйтын Жасұлан атты жігіт болатын. Ол жағдайының нашар екенін , жалғыз өзі үй жалдай алмайтынын айтып, үйдің жалдау ақысын бөліп төлеп ,бірге тұруға ұсыныс жасады.

Менің оқуым нашар болды, ал ол ең үздік оқушы болатын. Маған сабаққа көмектесетінін айтты. Сол себепті де оған келісім бердім. Бірге тұра бастадық. Ол ерекше жан, айналасындағы адамдардың бәрі оны сыйлайды, құрметпен қарайды . Мені болса ешкім көзіне ілмейді. Күн сайын іс әрекеттерімен мені таң қалдыратын. Менде оған еліктеп, сол секілді болғым келді. Үнемі оқу жағынан да, басқа да көмектерін аямады. Күн сайын оған еліктеп, бірте бірте оған ұқсай бастадым. Жүрегімдегі жауыздық, досқа деген сенімсіздік жойылып орнына достық орнады. Екеуміз ең жақын досқа айналдық. Өміріме мән кірді. Онымен туған бауырл ардай болып кеттік. Оқу жылы аяқталып, ауылға қайттым. Анам сол баяғы кек алу жайлы әңгімесін тағы бастады. Бұрындары бұл сөздерді естігенде қаным басыма шабатын, қазір олай әсер етпеді. Неге екенін өзім түсінбедім. Оқу жылы басталуын асыға күтіп жүрмін . Айлар өтіп тағыда оқу басталды. Қалаға келіп досыммен қауышып қуанып қалдым.Онымен сырласқанда жаным жай табады. Оған айтарым көп еді, бірак ол жалғыз болмады. Қасына Нұрсая есімді қарындасын ала келіпті. Олда оқуға түсіп, бізбен бірге тұра бастады. Өте сұлу, ерекше қыз. Ақылына көркі сай, бір көргеннен адам есінен танатындай, қас сұлу. Бойымдағы болып жатқан өзгерістерді өзімде түсіне алмадым. Өзге жігіттерді оның маңынан көрсем, қаным басыма шауып , өз өзімді ұстай алмай кетем. Бұл ғашықтық сезімі екен. Алғашында бұл сезімді мойындағым келмеді. Ақыры сезіміме қарсы тұра алмай берілдім. Оны қызғанғанда ашудан жарылардай болам. Сәл көрмесем сағынам. Не болса да , бұл жайлы досыма айтуды жөн көрдім. Ол қарындасының менде көңілі бар екенін айтқанда меннен бақытты адам болмады. Нұрсаяға сезімімді білдірдім. Олда қуана қаьылбады. Әр күнім бақытқа, шаттыққа толды. Өмірдің мәнін ендіғана түсінгендеймін.

Бәрі жақсы болып келе жатыр еді. Нұрсаяның туылған күнін атап өтү үшін , ауылына үшеуміз бірге бардық. Екеуі баруымды өтініп қоймағансоң бардым. Олар жағдайлары төмен екенін айтқан болатын. Үйін көрген кезде , талып қала жаздадым. Хан сарайындай зәулім сарай.

– Олжас білем таңырқап тұрсың. Көкейіңді қаншама сұрақтар тесіп бара жатқан болар. Жалғасы бар жазып жатырмын.

-Үйге кір барлық сұрақтарыңа жауап табасың.

– Үйге кіргенде әкемді өлтіргені үшін кек алғым келген Ақылбек ағаны көрлім. Бұл қалай? Неге ендіғана өмірім түзелгенде , бәрі қайта басталды. Дереу сыртқа қайта шықтым.

– Олжас досым… Тыңдашы…

-Жібер… Анам дұрыс айтқан екен. Бұл өмірде ешкімге сенуге болмайды, достық жоқ деген болатын. Бүгін көзім анық жетті.. ——Олжас мүлдем олай емес.Өтінем әкемді бір рет тыңдашы.

– Ештеңені тыңлдағымда, көргімде келмейді. Енді біз дос емеспіз.

– Олжас жаным…..

– Мені олай атама… Сенің оған құқығын жоқ.. Менің сезіміммен ойнауға қалай дәтің жетті.

– Мен сенің сезіміңмен ойнаған жоқпын. Саған деген махаббатым шынайы . Егер мені сүйсең әкемді бір тыңдашы.

– Не үшін тыңдаймын , әкемді қалай өлтіргенін естуім керекпе ?

– Менің әкем қылмыскер емес. Сен шындықты білмейсің.

– Мен бәрін білем.

– Олжас балам… Сен ештеңеде білмейсің….

– Нені білмейді екенмін ? Айтыңыз… Сіздің кесіріңізден балалығым қорланды. Басқа балдар секілді ойнап күлудің орнына кек алуды ғана ойлап жауыз бала болдым. Достыққа сенбедім…

Байлық үшін өз досыңызды өлтірдіңіз.

– Жоқ балам әкеңді өлтірген мен емес. Мен өлтірмедім. Өз бауырымнан артық досымды қалай өлтірем. Екеуміз тауға серуендеуге шықтық. Түске тамақ алып алған болатынбыз. Тамақ бұзылып қалғанын байқамай жеп, екумізде уланып қалдық.

– Өтірік айтасыз. Мен бәрін білем. Онда сіз қалай аман қалдыңыз? Неге әкем дәл өлерінің алдында , кәсібін сіздің атыңызға аударды. Оны бопсалап өзіңізге аудартып, кейін өлтірдіңіз. Әкемді көре алмадыңыз.

– Жоқ олай емес. Анаң сені әбден шатастырыпты, неге өтірік алдаған түсінбедім?    

– Анам емес сіз өтірікші қылмыскерсіз.

– Балам тағыда қайталап айтам әкеңді мен өлтірмедім.

– Онда неге Әкем өзінің асын емес сіздің асыңызды жеп уланған.

– Сен жаңағана не дедің? Тағыда қайталашы.

– Әкем өзінің емес сіздің тамағыңызды жеп уланған.

– Оны саған кім айтты?

– Анам айтқан.

– Білесіңбе көкейімдегі сұрақтың жауабын тапқандаймын. Иә екеуміздің асымыз екі ыдыста бөлек болды. Бірақ екеуінің де ішіндегі асы бірдей болды.

– Ыдыстың сыртында аттарымыз жазулы тұрды. Әкең сөмкеден алғанда шатастырып алды. Ол менікі дедім. Ол болса ыдыста тұрған не бар ішіндегі тамақтары бірдейғой деп менің атым жазылған ыдыстағы тамақты жеп алды. Азырақ қалған болатын, оны мен жеп таусыттым. Сол екі ыдыстағы тамақты да сенің анаң беріп жіберген болатын. Жәнеде ыдыстардың ауысып кеткені жайлы ешқашан айтылған емес, және анаң ол жерде болғанда жоқ. Сонда ол бұл жайлы қалай білген?

– Мұнымен не демекшісіз? Анама жала жаппаңыз. Сіздің көздегеніңіз тек кәсіп болған, сол үшін әкемді өлтірдіңіз.

– Жоқ олай емес. Әкең екеуміз не үшін тауға барғанымызды білесіңбе? Әкең маған сол кезде өзінің құпиясын айту үшін тауға шақырған екен. Әкең айықпас дертке шалдығып, өмірінің бірнешеғана күні қалғанын айтты. Сен өскенге дейін сені кәсібін маған аманаттап кетпек болды. Сол үшін кәсібін маған аударды. Құжатқа сол жерде қол қойдық. Әкеңе саған қараймын деп ант бердім. Әкеңнің кәсібінен түскен ақшадан бір тиында алған емеспін. Бәрін анаңа жіберіп отырдым.

– Жоқ сенбеймін. Анам ақшаны әкем қалдырған деген.

– Міне қара мынау әкеңнің ауруы жөнінде сараптамасы. Мұны әкең кеңседе сақтаған екен. Ал мыналар анаңа жіберіп отырған ақшаның түбіртектері.

– Бұл қалай сонда???? Анам неге мені алдаған??? Қалайша??? Неге қасымызда қалмадыңыз?

– Анаң келіспеді..

– Анам қалай бұлай жасайды? Сонда әкемді өлтірген сіз емес анам болдыма? ——-Анаң әкеңді емес мені өлтірмек болған. Себебі у менің атым жазылған тамақтағана болған.

– Бірақ неге? Неге сізді өлтіргісі келді???

 – Білмедім. Сен сияқты меніңде білгім келеді жүр анаңа барып, жауабын сұрап көрейік. Екуміз көлікпен дереу ауылға анама жол тарттық.

– Ұлым, құлыным сен келіп қалдыңба???

– Иә келдім.

– Түріңе не болған? Артыңда біреу барма? Неге жалтақтайсың? —–Иә бар. Әкемнің досы Ақылбек аға бар. Аға кірсеңізші.

– Сен оңбаған ұлымның қасында неге жүрсің? Жоғал кәне.

– Анашым оны мұнда әкелген мен. Біздің сізге қояр сұрақтарымыз бар. Маған мынаны айтыңызшы , Әкемді өлтірген кім? Досыма әлде сізбе???

– Сен не деп тұрсың? Мен әкеңді неге өлтірем? Мына оңбаған саған не айтты? Әкеңді өлтірген мынау…

– Жетер жетер.. Осы күнге дейін сіздің өтіріктеріңізге сеніп жүрдім жетер енді, бәрін мойындайтын кез келді. Сіз мына кісіні өлтірмек болғансыз, бірақ әкемді өлтіріп алдыңыз. Сондада өз кінәңізді білсеңізде мойындамай, мені алдап, тек жауыздықты кекшілдікті ұйреттіңіз. Соның бәрі не үшін? 

– Бұл кісі сізге не істеп қойды?

– Болды үндеме. Бәрін айтам. Бәріне мына оңбаған кінәлі. Әкең үшеміз бірге оқыдық. Мен мынаған ғашық болдым. Оны өзіме қарату үшін бәрін жасадым. Сондада маған қарамай басқаға үйленді. Әкең екеуі жан дос болатын. Әкеңнің менде көңілі бар екенін білетінмін. Мынаған ерегісіп әкеңе тұрмысқа шықтым. Бірақ бақытты бола алмадық. Ал мынау болса ішімді өртеп, әйелімен менің көзімше мәз болып, бақытты болып жүретін. Олардың бақытын көре алмадым. Ішім күйетін, қызғанатынмын. Меніңде бақытты болуға құқығым жоқпа? Сен дүниеге келгенсоң бәрі басылар деп ойладым. Алайда мына оңбаған көз алдымда жүргенде махаббатым сөнбей, керісінше қызғанышым күн сайын арта түсті. Сол себепті оны өлтірмек болдым. Ол көзіме көрінбесе бақытты болармын деп ойладым. Әкең екеуі тауға шығарда мынаның тамағына у қосып жібердім. Әкеңнің жейтінін қайдан білейін…

– Сене алмаймын. Менің анам осындайма???? Менің кек сақтап қаншама қиындықпен өскенімді көре тұра үндемедіңізбе? Бәрін біле тұра неге мені бұл кісіге қарсы қойдыңыз?

– Себебі бәріне осы кінәлі. Егер сол кезде маған үйленгенде мұның біріде болмас еді. Оның үстіне әкеңнің кәсібін тартып алды.

– Сізді ана деп айтуға ұялам. Сіздей анадан туылғанша, туылмағаным артық еді. Сіз қылмыскерсіз. Әкемнен ешкім ештеңені тартып алмаған. Әкем өз еркімен берген. Қызғаныш кек деп жүріп әкемнің ауырып жүргенін байқамағансыз. Бұл кісі тартып алса неге үнемі ақшаны бізге беріп тұрды? Оны әкең қалдырды деп мені тағы алдадыңыз.

– Бәрібір емеспе бұл ақша әкеңнің кәсібінен түскен ақша.

– Сіздей ана болғанша болмағаны жақсы. Мен кетем бұдан былай мен енді жоқпын. Сіз үшін ауыр жаза осы болар.

– Ұлым өтінем сенен мені тастап кетпе …..

– Анамның жан айқайына қарамай кетіп бара жатыр едім, анам есінен танып, жерге құлады. Дереу барып көтеріп орындыққа отырғыздым. Жедел жәрдем шақырдық. Анам есін жимады. Дәрігерлер жүрек ұстамасы екенін айтты. Көптен бері жүрегі ауырып жүрген екен. Өкінішке орай анамда көз жұмды. Менде махаббат деп қызық қуып анамның жүрегі ауыратынын байқамаппын. Мұны білгенде анама дөрекілік көрсетпес едім. Жақсы болсын жаман болсын Анадан мәңгілік айырылу жаныңа батады екен. Ақылбек аға қиналған сәтімде демеу болды. Анамды жер қойнына тапсырдық. Уақыт емші дегені рас екен. Қайғылы күндер артта қалып өмірім қайтадан нұрланды. Бәрі Ақылбек ағамен оның отбасының арқасында. Нұрсаямен сезіміміз қайта жалғасын тапты. Солардың үйінде тұра бастадым. Анамның жылдық асын берген соң Нұрсаямен шаңырақ көтердім. Оқуымды аяқтап әкемнен қалған кәсіпті өз иелігіме алып басқара бастадым. Жеке үй алып бөлініп шықтық. Қазір ұлым бар. Аллаға шүкір бақыттымын. Әкемнің осындай досы болғанына қуанам. Бірақ әке шешемнің қасымда жоқтығы жаныма батады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика