Кейкі батыр кесенесі бой көтереді

5 Наурыз 2017

Кейкі батырАғымдағы жылы Қостанай облысында тарихи маңызы бар екі ескерткіш бой көтереді. Оның бірі Амангелді ауданындағы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Кейкі батырдың кесенесі болса, екіншісі Шақшақ Жәнібек тархан монументі. Бұдан бөлек облыста алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мазарын қалпына келтіру жоспарлануда.

Қазір Кейкі батырдың мәйітін жерлейтін орын анықталып, мазар құрылысының жобасы бекітілген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқталады деп күтілуде.

«Кейкі батырдың кесенесін салу біз өткізетін шаралардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Амангелді ауданының Тасты ауылының маңынан кесене салатын орын таңдалды», -дейді Қостанай облысының Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Айта кету керек, өткен жылдың ең елеулі оқиғаларының бірі Кейкі батырдың бассүйегін елге қайтару болған еді. Ресей мен арадағы ұзақ жылдарға созылған келіссөздер өз нәтижесін беріп, батырдың сүйегі елге оралды. Ғалымдар оған сараптама жасап, бет-бейнесін қалыпқа келтірді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика