KazSat-2 спутнигін жөндеу ресейлік мамандарға тапсырылды

31 марта 2017

Бүгін қазақстандық  KazSat-2 жер серігінің басқарусыз қалғаны туралы ақпарат тарады. Жер серігінің жұмысында ақаулар шығып, мамандар онымен байланысты үзіп алған.  Осыған байланысты маман қалпына келтіру үшін Хруничев орталығының көмегіне жүгінуде.

Қазір Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы KazSat-2 жер серігінің жұмысын қалпына келтіруде. Жер серігі дәл осы орталықта құрастырылған болатын.

KazSat-2 ғарыш аппаратының ресурстарын Қазақстанның 13 байланыс және хабар тарату операторы пайдаланады, қазіргі уақытта олардың қызметі уақытша тоқтатылды. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәрен Абайевтің айтуынша, KazSat-3 жер-серігінің арқасында  телеарналар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика