Қазақтың халық әні жапондықтарды тәнті етті

19 сентября 2017

Алматыда дәстүрлі  «Жапон күзі» өнер фестиваліне Күншығыс елінен келген қонақтар қазақ әндеріне тәнті болды. Елімізде осымен жетінші рет өткізіліп жатқан шараның шымылдығын ашқан атақты жапон пианисті Котаро Фукума, тіпті, осы фестивальге арнайы қазақ музыкасын орындауға дайындалып келіпті.  

— Маған «Япур-ай» әні өте ұнады. Өте әсерлі туынды.Мен осыған дейін қазақ шығармаларын білмеуші едім. Енді ғана қызығушылығым оянды. Егерде алдағы уақытта мүмкіндік болып жатса, қазақы туындыларды орындап, елдерге танытқым келеді, деді пианист ауд Котаро Фукума КТК арнасының тілшісіне берген сұхбатында.

Жыл сайын Алматы мен Астанада өтетін фестиваль биыл Бішкекте де өтпек. Мұнымен қоса, Алматы тұрғындары мен қонақтары күншығыс елінің киноматографиясымен танысуға мүмкіндік алады. Яғни, қыркүйектің 22-сінен 26-сына дейін жапонның үздік режиссерларының кинотуындылары тегін көрсетілмек.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика