Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

8 ноября 2017

Ұлт болып қалыптасу үшін, тіліміз бен дініміздің аясын тарылтпай, рухани құндылықтарымыздың бағамын дәріптей алу үшін алдымен, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің басым болу керектігі етенеден белгілі. Қыран болып көкте, тұлпар болып жерде, балықтай көлде жүзе алатынын дәріптей алған қазағымның айнасы- «ЭКСПО- 2017» көрмесінің өзі соның бір мысалы болмақ.

Тәуелсіздігімізді тақымға байлап, өз тілімізде еркін сайрап, өзге елдермен тереземіздің тең, керегеміздің кең болуының бастамасы біздегі жаңашылдық. Себебі, алға қарай өрлеу, қанаттанып даму сыңды озық ойлар бастау алмаса, ертеңіңнен неғайбыл?! Абайларым өлең- жырларына, Махамбеттім найзасына, Тәттімбетім домбырасына, Бауыржандарым өр кеудесіне байлаған қазақ қанындағы намыс, күш- жігер жас ұрпаққа қанат бітіріп, туған жеріміздің мерейін үстем етіп келеді.

Иә, егемендіктен кейінгі жылдар талай көңілді күйретті, бойтүзеп, талан- тараждан арылуы үшін, біраз еңбекті қажет етті. Нәтижесі қандай?! Шүкір етіп, қарасаң көздің жауын алатын зәулім ғимартаттардан бастап, Қазақстанды түбегейлі жаңашылдыққа жетеледік. Жастарымыз мәдениетіміздің қарқынды дамуы үшін талай тер төгіп, оң нәтижесін берерлік дүниелермен марқайтып-ақ жатыр. Оған бірден- бір мысал, күміскөмей жас әнші, өзге мемлекеттердің өзін мойындауы үшін барын салып, әлем аренасында қазақ елінің даңқын асырған Димаш Құдайбергенов. Күншығыс елінде ұымдастырылған «I’m singer» жобасында топ жарып, таланттардың алдыңғы шебінен көрінді. Тіпті күллі Еуропаны мойындатып, сондай-ақ, Нью- Йорк қаласының Таймс сквердегі үлкен Led- экранда Димаштың суреті жарқырап тұрды. Алты алаштың аты жаһанның шартарабына әйгілі болды десем де артық емес.

Сахна саңлағы Селин Дионның өзі Димашпен бір сахнаны бөліссе, өзіндік қолтаңбасы бар киножұлдыз Джеки Чан онымен Қытай елінде арнайы кездесті. Алтын дауыс иесі ресейлік Витасты басып озып, «Opera 2» Димаштың орындауында халық көңілінен шығып, ерекше ығыласқа бөленді.

Дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдары әлі де қазақтың Дінмұхамеді жайлы жарыса жазуда.

Міне, бір ғана мысал Қазақстанның жаһандық бастамаларының негізгі көзін дәйектеп отыр. Яғни, бізде жаңару да жаңашалану да бар! Демек, еліміздің бастауы да, бағамы да, болашақ бағдары да жастар! «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ой түйген, қазағымның көне сөздерінің өзі қанат бітіріп, тағлымдық мәнімен үлкен тәрбиеге негіздері де тайға таңба басқандай…!

АХМЕТОВА Д.З

3- курс


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика