«Қазақстанның киберқалқанын» талқылау басталды

9 марта 2017

Ақпараттандыру және байланыс саласында қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын сақтау мақсатында «Ашық НҚА» порталында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын талқылау басталды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кибератака

«Осы Тұжырымдаманың орындалуы Қазақстан қоғамының одан әрі жаңғыртылуына және Қазақстанның БҰҰ Ғаламдық киберқауіпсіздік бағдарламасын іске асыруына қосылған  үлес болады», — делінген хабарламада.

Құжат мазмұнын  «Ашық НҚА» порталыннан алуға болады. Егер өз ұсыныстарыңыз болса, онда наурыз айының 15 жұлдызына дейін білдіруіңізге болады. 

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика