Қазақстандық банк клиенттерін 60 миллионға тонағандар ұсталды

3 апреля 2017

ҰрыҚазақстандық полицийлер арнайы операция жүргізіп, отандық компаниялар мен қазақстандық банк клиенттерін тонап, ақшасын жымқырған хакерлік топты құрықтады. Қылмыстық топтың 20 мүшесі де түрмеге тоғытылды,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың айтуынша, қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен барлық мүшелеріне жаза белгіленіп, мүліктері тәркіленді.
ҚР ҚК 188 б. 2 т. 4 тармағы ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық бойынша жазасын өтейтін болады.
Қылмыстық топ әрекет еткен уақытта 60 миллион теңге жымқырып үлгерген. Өткен жылы Қылмыстық кодекстің жоғарыдағы бабы бойынша 36 факт тіркелген.

Еркебұлан Шайжанов,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика