Қазақстанды басып алуға шақырған блогер тексерілуде

8 ноября 2017

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілді латын графикасына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдады. Мұны көрші отырған Ресейдің билігі де қолдаған болатын. Әйтсе де шофинистік пиғылдағы Алексей Бессонов есімді азамат әлеуметтік желі арқылы екі елдің арасын ашып, арандату әрекетін жасауда.

Желі арқылы аузына келгенін құсқан жігіт Қазақстанның тәуелсіздігін мүлдем мойындамайды екен. Ол латын қарпін енгізіп, Ресей ықпалынан алыстап бара жатқан Қазақстанға әскер кіргізуді және шекаралық бекетті Алматыға дейін ұзартуды ұсынды. Оның бұл арандатушылық әрекетіне байланысты ҚР ҰҚК арнайы тексеру шараларын жүргізуде. Бұл туралы ведомства өкілдері   Tengrinews.kz порталының ресми сұрауына берген жауабында айтқан.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика