Қазақстанда Жастар Одағы құрылды.

3 Мамыр 2018

Спорт және мәдениет министрінің басшылығымен Қазақстанда алғаш рет Жастар Одағы құрылды. Одақ мәдениет пен әдебиеттің дамуы жолында қызмет етпек.
Жастар одағы әдіс, эксперимент түрінде жұмыс жасай отырып, әдебиет пен өнер саласында тер төкпек.
Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен құрылған Жастар Одағы жазушы мен оқырман арасындағы жаңашыл әдебиет пен өнерді саралап, бағалап отыратын көпірге айналмақ керек.
Жастарға көмек керек, сондықтан осы Жастар Одағы талапты, талантты жастарға көмек қолын созатын болады деп түйді Халықаралық «Шабыт» фестивальінің Гран-при иегері Мақсат Маликов.
Жастар Одағының құрамына бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегерлері енді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика