Қазақстанда студенттер университетті 2-3 жыл ғана оқитын болды

17 Қазан 2018

Ендімектеп бітірген түлектер бұрыңғыдай университет дипломы үшін төрт жыл оқймайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы жазды.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқартылатын болды. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап колледжден кейін университетке түскен студенттер ЖОО-ны 2-3 жылда тәмамамдау мүмкіндігіне ие болады.

«Бұл тек колледж бітіргендерге ғана арналады. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алғанда, ендігі төрт жыл оқымай, 2-3 жылда бітіруге болады.», – дейді Сағадиев үкімет кулуарында.

Білім министрінің сөзінше, аталған өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енеді.

Сонымен қатар Сағадиев ендігі жаңа өзгеріске қатысты құжаттар бекітіліп, біртіндеп енгізілетінін айтты.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика