Қазақстан Қытайға тауық табандарын экспорттайды

4 апреля 2017

Қазақстанда қалдық ретінде қонысқа тасталатын тауық табандары енді Қытай асырылатын болды. Өйткені оларда бұл жеңсік ас ретінде  жоғары сұранысқа ие. Ол өнімді қазақ-түрік кәсіпкерлері бірігіп, саудаға шығаруға уағдаласқан.

«Тауық табандарын ыстық өңдеу арқылы ешқашан шығарып көрген емеспіз. Біз үшін мүлдем жаңа өнім. Түркиядан технология тартып, кәсіпорын құрамыз. Содан соң, Қытай нарығына шығуды жоспарлап отырмыз», — дейді  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«Астана» арнасының мәлімдеуінше, елімізде  қазақ-түрік сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды. Жаңа ұйым екі ел арасындағы экономикалық байланысты ширату жолында жұмыс істейді. Екі жыл бұрын түрік тарапы кәсіпкерлер палатасына тың ұсыныспен шыққан. Бүгін екі жақ тиісті меморандумға қол қойысты. Алдағы таңда Қазақстан түрік кәсіпкерлерімен бірігіп тауықтың табандарын терең өңдеуге кіріседі. Біздің  мүлдем кәдеге аспай, қоқысқа кететін өнім Қытайда жоғары сұранысқа ие. Тұздықап, қуырып жейтін жеңсік астың бірі.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика