Қазақстан бақытты елдер рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды

16 марта 2018

Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан Өзбекстан мен Ресейден кейін 60-орынға орнықты, — деп хабарлады sputniknews.kz 

Әлемдегі ең бақытты ел Финляндия болып шықты. Алғашқы ондыққа сонымен бірге Норвегия, Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция мен Австралия кірді.  

Ең бақытсыз елдер – Гаити, Либерия, Сирия, Руанда, Йемен, Танзания, Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы мен Бурунди. 

Қазақстан аталған рейтингте – 60-орында. Өзбекстан 44, ал Ресей 59-орынға тұрақтаған. 

Бақытты елдер рейтингін жасау кезінде азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ, басқа да экономикалық көрсеткішкер ескеріледі.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика