Қазақстан азаматы Ресейде қанды қырғын жасады

30 сентября 2017

Ресейдің  Брянск өлкесінде қанды қырғын жасаған  Қазақстан азаматы тұтқындалды. Көрші елге еңбек етуге барған азамат бір адамды аяусыз  пышақтап өлтіріп, оқиға куәгерлерін  мәйітті жасыруға мәжбүрлеген.

Қылмыс

Қанды оқиға  Брянск облысындағы Фокино қаласында орын алған. Кешкі уақытта жергілікті тұрғын ішімдік ішіп, көзіне көрінген жандарға соқтыға бастаған. Артынша қазақстандық жұмыскерлерге де жұдырық жұмсамақ болады. Артынша жанжал туындап, қазақстандық жігіт оны сыртқа алып шығып, пышақтап тастаған. Артынша куәгер болғандарды мәйітті орман ішінде көміп тастауға мәжбүрлейді. Ол осы қылмысы үшін  15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика