Қазақстан ақ олимпиадаға қатысқан спортшыларға қанша ақша төлейді?

26 февраля 2018

Әлемді өзіне қаратқан Корей Олимпиадасы да аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жолы да дәстүрден жаңылмай, ойынды жалғыз қола медалмен қортындылап, елге оралды. Енді ел билігі спортшылардың осы бір «жетістігі» үшін оларға 185 мың доллар көлемінде сыйақы төлемек. 

Vesti.kz  порталының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль алғандарға — 250 мың доллар, күміс медаль иелеріне — 150 мың доллар, ал қола жүлдегерлерге — 75 мың доллар, сонымен қатар  4, 5 және 6-орын алған спортшыларға  30, 10 және 5 мың доллар беру көзделген.  

Бұл сайыста тек жалғыз спортшы —   фристайлдан  Юлия Галышева ғана қола медалды қанжығаға салған еді. Ал шорт-тректен ерлер командасы 6-орынды иеленген. 

Олимпиада аяқталған соң, үкімет қола медал үшін Юлия Галышеваға  75 мың доллар сыйақы төлемек. Оның үш бапкеріне де  75 мың доллар беріледі. Ал шорт-трекшілердің бапкерлеріне 15 мың доллар төлеу қарастырылған.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика