Қазақша сауалдарға жауап бере алмаған министр тілшілерден қашып кетті (видео)

14 Ақпан 2018

«Шаршаған» Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті. Бұл туралы 31 арнаның жаңалықтар қызметі хабарлады.

Алғашқы сұхбатында-ақ қазақшасы үш сөйлемнен соң бітіп қалған шенеунік,  ана тілімді аз күнде үйренемін деп саспады. Бірақ, Үкіметтің алғашқы отырысына қатысқан күннен лауазымды шендінің қарқыны қатты. Экс-министр Тамара Дүйсенованың қателіктерін қайталамаймын, жұмыссыздар мәселесін аз уақытта шешемін деп отыр.

Өткен аптадағы отырыста президенттен тек ескерту алып, жылы орындарында қалғаннан кейін бе Үкімет мүшелерінің көңіл күйлері жақсы. Қызметімен қоштасқан жалғыз шенді Тамара Дүйсенованың орнын басқан су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова тіптен көңілді. Шенеуніктің мәз болатындай жөні бар секілді. Премьерге экс-министр 5 жыл шеше алмай президенттен сөз естіген жұмыссыздар мәселесін аз уақытта реттеймін деп баяндады. Ол үшін заңға өзгеріс енгізіп, өзін өзі белгісіз жұмыспен қамтып жүрген 3 миллион азаматты ресми тіркеп, оларға мемлекетке салық төлетпек.

МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Бізде шамамен 2-3 миллион өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген адам бар. Олар ешқандай салық төлемейді, зейнетақы қорына қаржы аударылмайды. Міндетті сақтандыру қорына да қатыса алмайды. Біз осыны реттеу үшін жаңа заң әзірлеп жатырмыз.

Министр болғанына бар-жоғы төрт күн өткен Мәдина Әбілқасымова қайтарылған міндетті сақтандыру жобасын да реттеймін деп қарқынды. Қарағандыдағы кеншілер мен Астанадағы Әбу Дабидегі еңбек дауларын шешудің жаңа ережелерін бекітуді де ұсынды. Үкіметте осының бәрін тек орысша баяндап шыққан Мәдина Ерасылқызы тілшілердің мемлекеттік тілде қойған сауалдарына жауап бергісі келмей, қазақша сөйлем құрай алмай қиналды. Ана тіліңізді қашан үйренесіз деген сауалға мүдірген министрдің орнына хатшысы жауап беріп, басшысын жетектеп алып кетті.

МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Дайындалып қазақ тілінде сұхбат беремін. Үш төрт айдың көлемінде. 

Президенттен сөз естіп шыққан Қанат Бозымбаев та Үкіметте жаңа жоспарларын таныстырды. Энергетика министрлігі төртінші мұнай өңдеу зауытын салу үшін жол картасын әзірлемек. Алайда, әр сөзіне сақ жүретін министр барлық зауыт қайта жөнделіп бітпейінше жанармай тапшылығынан құтылмаймыз деп кесіп айтты.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР Энергетика министрі:

– Министерство никогда не заявляло, что в 2018 году мы полностью сможем обеспечивать себя бензином. После модернизации НПЗ мы сможем обеспечивать себя нефтепродуктами, а когда люди говорят, что «Бозумбаев заявил, что в 2018-м» я за каждое свое слово отвечаю.

ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:

– Жауапты Бозымбаевқа сенсек, әзірге бензин тапшылығынан құтыламыз деп қуануға ерте сияқты. Министр 2023 жылға дейін жанармай жетіспеушілігі болады деп болжайды. Сондықтан президенттің тапсырмасымен келесі жылдан бастап төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысын бастамақ. Бұған қазынаның қанша қаржысы жұмсалатыны әзірге белгісіз.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика