Қазақ қызы қысқы олимпиада алтынын алды

22 Ақпан 2018

Пхенчан Олимпиадасына Беларусь құрамасы атынан шыққан Қазақстан тумасы Динара Әлімбекова алтын медаль иеленді.Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында әйелдер арасындағы биатлоннан соңғы жарыстар өтті. Аталған сайыста беларусь спортшылары қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, алтыннан алқа тақты.

22 жастағы Әлімбекова Қарағанды облысындағы Абай қаласында туған. Үш жасында ата-анасымен бірге Беларуське қоныс аударды. Қазақ қызы Беларусь Республикасының спорт шебері, юниорлар арасындағы әлем чемпионы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика